Жылыой ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Ерлан Нұрланов тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Аудан әкімдігінен білгеніміздей, Ерлан Нұрланов 1988 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012–2013 жылдары «Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамында менеджер болып бастаған. 2013–2014 жылдары «Проджект Менеджмент энд Технолоджи» ЖШС-де консультант қызметін атқарған. 2016 жылы Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасында сарапшы болып жұмыс істеген. 2016–2022 жылдары «Қаржыгер» ЖШС-де кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі маман қызметін атқарған. 2022 жылдың мамыр айынан 2025 жылдың тамызына дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жылыой аудандық филиалының директоры қызметін атқарды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ