Атыраулық таэквондист Қазақстан чемпионы атанып әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
2026 жылғы 6-9 ақпан аралығында Түркістан облысында жастар арасында таэквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрайым Бақытжанқызы қарсыластарына мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңіске жетіп, әлем чемпионатына жолдама алды!