Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда клиникалық өлім жағдайындағы науқас аман қалды (+ВИДЕО)

Атырау қаласында «жедел жәрдем» бригадасы клиникалық өлім жағдайындағы науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

2026 жылғы 6 ақпанда сағат 05:33-те 45 жастағы ер адамға жедел көмек көрсету туралы шақырту түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына сағат 05:43-те жетті.

Қысқаша визуалды тексеру кезінде науқас ес-түссіз болды, тынысы жиілеген әрі үзік-үзік (гаспинг), ұйқы артериясынан пульс анықталмады. Толық тексеру барысында көз қарашықтары кеңейгені байқалды, фонендоскоп арқылы жүрек аускультациясы асистолияны көрсетті. Мониторинг те жүрек қызметінің жоқ екенін растады.

Бригада дереу реанимациялық шараларды — жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) бастады. Манипуляциялар үзіліссіз жүргізіліп, Атырау кардиологиялық орталығының қабылдау бөлімінде де жалғастырылды. Медицина қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында науқастың өмірі сақталып қалды.

Реанимациялық көмекті көрсеткен бригада:

• Фельдшерлер: Мендыгалиев Сұлтан, Қонысова Жұлдыз
• Жүргізуші: Амандыков Асылан

Жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсібилігі мен шұғыл әрекеттері тағы бір адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

ВИДЕО ОСЫНДА...