Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Қызылшаға қарсы вакцинация: Атырау — аутсайдерлер қатарында

Үкімет Атырау облысындағы иммундау қарқынын қанағаттанарлықсыз деп таныды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде қызылшаның 137 жағдайы тіркелген. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы 304 жағдай анықталған болатын.

Вице-премьер Аида Балаева облыстағы жағдайды ерекше бақылауға алуды тапсырды және екпемен қамту деңгейінің төмендігі үшін әкімдердің дербес жауапкершілігін еске салды.

Ел бойынша жағдай сандармен:

• Жыл басынан бері Қазақстанда қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелді.
• Аурушаңдық бойынша антилидерлер қатарында — Астана, Алматы, Жамбыл және Атырау облыстары.
• Қауіп тобында — ата-анасының бас тартуына байланысты вакцина алмаған бес жасқа дейінгі балалар.

Жағдайды тұрақтандыру мақсатында өңірлік штабтарға күнделікті мониторингке көшу және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

ВИДЕО ЗДЕСЬ...

Фото: ru.freepik.com