Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда қай жерлерде карантин енгізілді?

Атырау облысында ірі қара мал арасында инфекциялық ринотрахеит ауруының өршуі тіркелді. Бірқатар елді мекендерде карантин енгізіліп, ветеринарлық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Atyrau Today тілшісі. 

Ауру ошағы — Құрманғазы ауданы. Инфекция Дыңғызыл, Бөкейхан, Еңбекші және Құрманғазы ауылдық округтерінде анықталған. Аталған аумақтардан малды сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынды.

Мамандардың мәліметінше, ауру 1407 бас ірі қарадан расталған. Оның мыңнан астамы сауығып шыққан, қалғаны ем қабылдауда. Сонымен қатар сау мал басына вакцинация жүргізілуде.

Маңызды: инфекция тек жануарлар арасында таралады және адам үшін аса қауіпті емес. Адамдардың жұқтырғаны тіркелмеген.

Сондай-ақ ауру Исатай ауданының Зинеден ауылында да анықталды — онда шамамен 70 сиыр ауырған. Барлық мал толық сауығып, ветеринарлық іс-шаралар аяқталғаннан кейін 30 күннен соң шектеулер алынады.

Сайран Гуднан, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы:

«Карантин енгізілген елді мекендерде ет сатуға ветеринарлық анықтамалар берілмейді. Аурудың көбеюін Ресей Федерациясы аумағынан малдың белсенді тасымалдануымен байланыстырамыз».

Фото: ru.freepik.com