Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Жаймағамбетов Сырым Бисенбайұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Мемлекет басшысы бейбіт күннің батырларына шынайы ризашылығын білдіріп, азаматтық қорғау саласының еліміз үшін стратегиялық маңызы ерекше екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорда жазады. Салтанатты жиын соңында Президент қызметтік борышын атқару барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды. Солардың қатарында атыраулық Сырым Бисенбайұлы да бар. Ол 26 шілде 1975 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, 1998 жылы Атырау Мұнау және Газ институтын және 2019 жылы Атырау инженерлік - гуманитарлық институтын бітірген.
Еңбек жолы:
18.09.1992
№3 ферма, Шопан көмекшісі, Махамбет ауданы, Бақсай совхозы
20.09.1999
"Теңізмұнайқұрылыс" ААҚ, 3-разрядты жұмысшы.
01.04.2003
Техникалық түгендеуші маман. "Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы" РМК Исатай аудандық филиалы
01.10.2003
Жетекші маман. "Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы" РМК
01.10.2005
Бас маман. "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Атырау аумақтық комитеті"
20.07.2008
Бас маман. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің "Каспий" өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті
18.08.2008
Аумақтық және қалықты қорғау, дайындау және оқыту бөлімінің бас маманы
02.02.2009
Ауыстыру тәртібімен магистралдық құбыр желілерінде төтенше жағдайлар мен өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бас маманы
13.06.2011
Ауыстыру тәртібімен қазандық, көтергіш құрылғылары және газ шаруашылығы нысандарын бақылау бөлімінің бас маманы
25.11.2014
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қазандықтар, газ шаруалығы объектілерін және көтергіш құрылыстарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы
26.12.2016
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қазандықтар, газ шаруалығы объектілерін және көтергіш құрылыстарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы
11.03.2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстар объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы
08.12.2020
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстар объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы
02.09.2021
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары
12.10.2023
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы
13.08.2024
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы
01.01.2025 – қазіргі уақытқа дейін
Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары