Атыраулық таеквондист Қазақстан чемпионы атанып, әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Қазақстан спорты үшін тағы бір қуанышты жаңалық. Атыраудан шыққан таеквондист Жанайбек Шамуратов таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионатында сенімді жеңіске жетіп, ел чемпионы атағын иеленді.
Қазақстан чемпионаты 6–9 ақпан аралығында Түркістан қаласында өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Жанайбек қарсыластарынан айқын басымдық танытып, өзінің жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.
Осы жеңістің арқасында спортшы әлем чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсету құқығына ие болды.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Жанайбек Шамуратов Бахрейнде өткен III Жасөспірімдер Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болып, халықаралық аренада өзінің жоғары әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеген болатын.