Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда стоматологтардың басы дауға қалды...

Атырауда стоматологиялық бизнес Қаржы мониторингі агенттігінің ауқымды тергеуінің ортасында қалды. Жүргізілген рейдтерден кейін бірқатар клиникалардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Кәсіпкерлердің айтуынша, тіпті заңды түрде жұмыс істеп жүргендер де күдікке ілінген, деп хабарлайды Almaty телеарнасы.

Қала тұрғыны Амандық Иманбаев наразылығын білдірді:

«Ұлымның көлігі мен телефонын тәркіледі. Оның өз еңбегімен тапқан 1,8 миллион теңгесі бар еді. Енді әр тиынға дейін құжат талап етіп отыр. Мұның бәрі қандай негізде жасалып жатқанын түсінбеймін. Кінәсіз адамдар жазаланып жатыр», — деді ол.

Адвокат Айдос Кенжебековтің айтуынша, ұсталғандардың арасында кінәсіз азаматтар да бар:

«Азаматтардан тәркіленген қаражат — олардың жеке жинақтары. Оның ішінде зейнетақы қорынан алынған және заң бойынша пайдалануға рұқсат етілген қаражат та бар. Қазір іс қайта қаралып жатыр, өйткені ұсталғандардың арасында кінәсіздер де кездеседі», — деді адвокат.

Қаржы мониторингі агенттігі тергеу фактісін растағанымен, тергеу құпиясына байланысты егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартты:

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — деді ҚМА-ның ресми өкілі Ернар Тайжан.