Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда жаяу жүргіншілерге арналған дабыл түймелері іске қосылады

Енді қаладағы «Дина», «Атырау», «Тамаша» және «Киви» сауда орталықтарының маңындағы автожолдарда бағдаршамның жасыл сигналы батырма арқылы іске қосылмақ, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Мұндай жүйе ірі қалаларда кеңінен қолданылады. Оның басты артықшылығы — бағдаршамның қызыл сигналы тек жаяу жүргінші батырманы басқан жағдайда ғана қосылады. Бұл көлік қозғалысын қажетсіз тоқтатпай, жолдағы кептелістердің алдын алуға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
– Қазір батырмалар орнатылғанымен, оларды іске қосу бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. Жоба сәтті жүзеге асып жатса қаланың өзге де адам көп шоғырланатын аумақтарына осындай батырмаларды орнату жоспарланады, – деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қасым Қасаев.

Жаңа технология жаяу жүргіншілердің жолдан қауіпсіз өтуіне жағдай жасап қана қоймай, қала ішіндегі жол қозғалысын тиімді реттеуге ықпал етеді. Әсіресе балалар, қарттар және көру қабілеті төмен азаматтар үшін қолайлы шешім болып саналады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Атырау қаласының әкімдігі