Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда бір жыл ішінде 10 мыңға жуық қаңғыбас ит ауланған (+ВИДЕО)

Өткен жылы Атырау қаласында 10 мыңға жуық қаңғыбас ит ауланды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, тұрғындардың өтініштері мен ветеринарлар және кинологтардың қорытындылары негізінде 9 109 ит адамға қауіпті деп танылып, эвтаназия әдісімен ұйықтатылған.

Тағы 423 ит биологиялық өңдеуден өткізіліп, стерилизацияланып, вакцина салынғаннан кейін қауіпсіз деп танылып, табиғи тіршілік ету ортасына қайта жіберілген.

Аулаумен «Forward Star» ЖШС, Нұрбаев ЖК және «GREN QURILYS QYZMET» ЖШС айналысқанын Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Экоактивист Мамучар Жабасов қаңғыбас жануарлар санының артуы көбіне тұрғындардың жауапсыздығымен байланысты екенін айтты: адамдар ит асырап алып, кейін оларды көшеге тастап кетеді.

Оның пікірінше, атып жою мәселені шешпейді. Ең тиімді жол — жануарларды аулап, тексеріп, стерилизациялап, вакцинация жасап, кейін қайта жіберу. Сондай-ақ ол үй жануарларын міндетті түрде тіркеу және чиптеу қажеттігін, ал иттерді сатуды тек ресми тіркелген ұйымдар арқылы жүзеге асыру керектігін атап өтті.

Мамандардың айтуынша, кей жағдайда қаңғыбас иттер қалаға жабайы жануарлардың кіруіне тосқауыл болады. Сонымен қатар өңірде құтыру деректері сирек тіркеледі.

Еске салайық, қаңғыбас иттерді атуға тыйым салатын «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң 2021 жылғы 30 желтоқсанда қабылданып, 2022 жылғы 2 наурызда күшіне енді. 

ВИДЕО ОСЫНДА...