Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құлсарыда оқыс оқиғадан соң мектеп директоры қызметінен босатылды (+ВИДЕО)

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желілерде Құлсары қаласындағы мектеп директорының қызметтен алынғанын хабарлады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 Министрдің айтуынша, оқушының агрессивті мінез-құлқына сыныптастары тарапынан көрсетілген буллинг, яғни жүйелі түрде қорлау себеп болған. Оқиғаға байланысты Атырау облысына Оқу-ағарту министрлігінің арнайы комиссиясы жіберілді. Комиссия барлық қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, сондай-ақ өңірдегі мектептерде буллинг фактілерінің бар-жоғын тексереді. Құлсары қаласында оқиға орын алған мектепте жеке тексеру жүргізіледі.

Сонымен қатар, министр Атырау облысындағы барлық мектептерде оқушылар арасындағы қорлаудың алдын алу және оны анықтау жұмыстары бойынша тексеру жүргізілетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, өткен жұма күні әлеуметтік желілерде Құлсары қаласында бір жасөспірімнің қолына балта ұстап, құрдастарын қуғаны туралы ақпарат тарады. Нәтижесінде екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған. Жасөспірімнің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алия ЖАМИТОВА

ВИДЕО ОСЫНДА...