Қызылқоға ауданында кәсіпкерлік нысандар жаңа қарқын алып келеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
2025 жылы халыққа қызмет көрсететін бірқатар кәсіпкерлік нысандар ашылып, ауыл өміріне серпін, тұрғындарға мүмкіндік сыйлады. Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен білгеніміздей, былтыр ауданда кафе мен мейрамхана, сұлулық салоны, ойын-сайық орталығы, дәріхана және азық-түлік дүкендері ашылып, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға өз үлесін қосты. Бұл нысандар тек қызмет көрсетіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканы жандандыруда.
Ал, 2026 жыл – жаңа мүмкіндіктер мен ірі жобалар жылы болмақ. Өйтені ауданда жаңа тың жобаның бірі Сағыз ауылында түйе етінен консеерві өнімдерін шығарылмақ. Одан бөлек, отбасылық кафе, фастфуд орындары, тойхана, монша, мал бордақылау алаңы мен табиғат аясында демалатын орындарын ашу жоспарда. Аталған 7 жобаға 262 млн. теңге инвестиция құйылмақ.
Жаңадан ашылатын нысандар жаңа жұмыс орындарын құрап, халықтың әл-ауқатын арттыруға және аудан экономикасын нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Амандық АБДОЛ