Өзбекстан тұрғыны Қодиров Аброр 2015 жылы жоғалып кеткен қарындасын іздеуге көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Оның айтуынша, әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы әйел адамды Атырау қаласында көрген. Ол «Лидер» дүкенінде жұмыс істеген деген мәлімет бар. Содан бері онымен байланыс үзілген.
Іздеуде:
Кодирова Шахноза Полвоновна,
1979 жылғы 13 наурызда туған,
Өзбекстанның Қарши қаласының тумасы.
Бойы — 145–150 см,
көзінің түсі — жасыл.
Туыстары оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан хабарласуды сұрайды.
Байланыс нөмірі:
+998 91 339 23 17 (Өзбекстан).