Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраудан Миланға тікелей рейстер іске қосылмақ

17 қарашадан бастап Neosair әуе компаниясы Атырау – Милан бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашады, деп хабарлайды Atyrau Today тілшісі.

Жаңа бағыт Қазақстан мен Италия арасындағы көлік байланыстарын нығайтып, іскерлік және туристік сапарларға жаңа мүмкіндік береді.

Компанияның хабарлауынша, жолаушыларға жайлы сапар ұсыну үшін ұшақтарда кең орындықтар, сапалы тағам және жоғары деңгейлі қызмет көрсетіледі.

Билеттердің бағасы эконом санатында – 528 АҚШ долларынан, ал премиум санатында – 1210 долларданбасталады.

Neosair өкілдерінің айтуынша, жаңа бағыттың ашылуы – Еуропаға ыңғайлы әрі жайлы тікелей рейстерге деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.

Компания өз қызметін қолжетімді тарифтер мен жоғары сапалы сервисті үйлестіре отырып ұсынатын әуе тасымалдаушы ретінде танытады. Ал Милан – іскерлік және мәдени туризмнің маңызды орталықтарының бірі.

Видео осы жерде.

Әлия ЖАМИТОВА