Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады

20 қазан мен 19 қараша аралығында Атырау облысында «Браконьер» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты — табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу, браконьерлік, табиғи ресурстарды заңсыз өндіру және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау.

Полиция мен тиісті сала қызметкерлері бірлесіп браконьерлік, жасыл желектерді кесу, сондай-ақ объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау бойынша рейдтер өткізеді.

Облыс тұрғындарына табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырылады. Заңсыз табиғи ресурстарды өндіру әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертеді.