Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Әсет Самарханұлы Оразғалиев тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атқарған қызметтері:
• бас маман;
• автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
• басқарма басшысының орынбасары;
• Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;
• “ҚазАвтоЖол” АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары.
Бұған дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ