Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда бағдаршамдар "өз бетімен" жасай ма?

Қала тұрғындары кейбір қиылыстарда «қызыл плюс» қосымша секциясының жоқтығы жөнінде жиі сұрайды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Белгілі болғандай, Атырауда бұл секциялармен жарық бағдаршамдарын кезең-кезеңімен жабдықтау жұмыстары басталған. Бүгінде Берғалиев–Амандосов және Үтемісов–Валиханов қиылыстарында жұмыстар аяқталды.

Жалпы, қала бойынша 78 бағдаршам нысанын жаңғырту жоспарлануда. Жаңа кешендер көлік ағынын талдап, бағдаршам жұмысын автоматты түрде реттейтін заманауи бағдарламамен жабдықталады. Бұл көлік қозғалысын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «қызыл плюс» секциясы біртіндеп «жасыл плюске» ауыстырылуда. Бұл – жүргізушілерге бағдаршам сигналдарын түсініктірек етуге бағытталған пилоттық жоба. Сигналдың мәні өзгермейді: ол қарсы бағытта қызыл жанғанын көрсетіп, қауіпсіз бұрылуға рұқсат береді.