Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл ауылында сұмдық оқиға болды. Белгісіз әйел егде жастағы, ІІ топтағы мүгедек тұрғынның үйіне баса-көктеп кіріп, бетіне сірке суын шашқан.
Шабуылдан кейін жәбірленушінің көру қабілеті күрт нашарлап, көзіне химиялық күйік түскен. Қарақшы үйден алтын әшекей бұйымдарды ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жәбірленушіге дәрігерлік көмек көрсетілгенімен, оны үйіне жіберген.