Атырауда жастар арасындағы тағы бір қатыгез төбелес тіркелді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Бұл жолы оқиғаға агроколледж студенттері қатысты. Бірнеше жігіт көшеде төбелес ұйымдастырып, олардың бірі бұл сәтті бейнежазбаға түсірген.
Бейнежазба кадрларында жасөспірімдердің бірін-бірі таяқпен және бөтелкемен ұрып жатқан сәттері көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жарақат алғандар бар. Видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр, ал оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Полиция тексеру жұмыстарын бастады.