Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құлсарыда жаға ұстатар жайт орын алды... (+ВИДЕО)

Бұл оқиға Құлсары тұрғындарының ашу-ызасын туғызды. Халықтың айтуынша, түйелер иесіз күйде көшелерде еркін жүріп, балалар мен ересектердің өміріне қауіп төндіріп отыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада түйенің баланы қағып, таптап кеткені анық көрінеді. Тек жолдан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі дабыл белгісін қатты басып, жануарды үркіткен соң ғана түйе шегініп кеткен.

«Бұл енді шектен шыққан жағдай. Жануарлар аулаларда еркін жүр, ал бала өліп қала жаздады. Қашан тәртіп орнайды?» деп жазды тұрғындар бейнежазбаның астындағы пікірлерде.

Әлеуметтік желілерде балада аутизм бар және ол сөйлей алмайды деген ақпарат тараған еді. Алайда Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл мәліметті теріске шығарды — балаға «аутизм» диагнозы қойылмаған. Дегенмен ол емханада невропатологтың бақылауында тұрғаны расталды.

Қазіргі уақытта зардап шеккен бала аудандық орталық аурухананың травматология және ортопедия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Облыстық ауруханаға жіберуге қажеттілік болмаған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Қолдағы мәліметке сүйенсек, балаға шабуылдаған түйе ұсталды, алайда оның иесі әзірге анықталған жоқ. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com, cntv.kz