Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

«Мұндай адамдарға тек бір ғана жаза болуы керек...»  

Галина Легкодимова 23 жастағы қызы Янаның сүйек қалдықтары салынған қапты ғана құшақтай алғанын айтады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Әлі күнге дейін 24 пен 25 жастағы қарапайым, жас адамдардың осыншалықты қатыгездікпен баласының өмірін қиып тастауы мүмкін екеніне сену қиын екенін айтады.  

«Ол хат алмасуларды көрсең, төбе шашың тік тұрады. Онда адам өлтірудің әртүрлі тәсілдері жазылған: пәтер кіреберісінде балғамен күтіп тұру, басынан ұру, улау, алтыншы қабаттан итеріп жіберу, тұншықтырып өлтіру, көлікпен қағып кету, өртеп жіберу… Және бұның бәрін олар күліп, суыққанды түрде талқылаған», — дейді Галина.  

Янаның анасы мұндай адамдарға тек бір ғана жаза болуы керек деп есептейді.  

«Өкінішке қарай, бізде өлім жазасы жоқ. Бұл өте өкінішті — әсіресе кінәсі дәлелденген осындай адамдарға қатысты. Бірақ олар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы тиіс. Бәріміздің баламыз бар, ешкім өз баласын осындай жандар үшін өсірмейді» дейді ол.  

Еске салайық, Яна Легкодимова Құрманғазы ауданының тұрғындары — 24 жасар Ризуан Қайыржанов пен оның 25 жастағы танысы Алтынбек Қатимовтың қолынан қаза тапқан. Бұл қайғылы оқиға бүкіл өңірді дүр сілкіндірді, ал марқұмның анасы әділдік талап етуді жалғастыруда.

Лия НҰРТАЙ