Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда әйел полицейді пышақтады... (+ВИДЕО)

16 қазан күні сағат 20:50 шамасында Атыраудың Привокзальный шағын ауданындағы үйлердің бірінде отбасылық жанжал туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оқиға орнына екі учаскелік полиция инспекторы жеткен. Құқық бұзушы ер адамды бөлімге жеткізу кезінде оның әйелі, мас күйінде, кенеттен полицейдің арқа тұсына ас үй пышағымен жарақат салған. Әріптесінің шұғыл әрекетінің арқасында шабуылдың жолы кесілді. Жарақат алған қызметкер ауруханаға жеткізілді, пышақ тәркіленді.

Күдіктінің әрекеті бейнежетонға жазылып алынған. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция департаменті қызметкерлерге қарсы күш қолдану қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. 

Айта кетейік, учаскелік инспекторлар күн сайын ең қиын жағдайларда азаматтарға көмекке келіп, өз өмірлерін тәуекелге тігеді.

Әлия ЖАМИТОВА

Видео осы жерде!

Фото: ru.freepik.com