Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда көше бойынан адам ұрлаған ба? (+ВИДЕО)

Атырауда «қызды ұрлап кету» пранкі айыппұлмен аяқталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Үш жігіт «әлеуметтік эксперимент» түсіреміз деп, көпшілік орында  қызды ұстап алып, айғайлаған күйі көлікке күштеп отырғызған. Сценарий бойынша, өтіп бара жатқан адамдардың бірі батылдық танытып, «жәбірленушіні құтқаруы» керек болған. Камера, лайктар, танымалдық — бәрі әдеттегідей.

Алайда оқиға куәгерлері мұны қалжың деп қабылдамаған. Олар дереу полиция шақырған.

Нәтижесінде үш жігіт сот алдында жауап беріп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі) әрқайсысы 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бейнежазба осы жерде.