Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда тұрғындар ұрыны ұстап алды (+ВИДЕО)

Атырауда ер адам электр сымын ұрламақ болды, бірақ тұрғындар ұстап алды, деп хабарлайды Atyrau Today.

16 қазан кешінде Абдрахманов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде оқыс жағдай орын алды — белгісіз ер адам электр қалқанынан кабель ұрлауға әрекет жасаған

Тұрғындардың айтуынша, шамамен 22:30 шамасында күдікті екінші кіреберістегі қалқанның төменгі бөлігін бұзып, сымды алуына тырысқан. Алайда оны үй тұрғындары байқап қалған. Қашып кетуге тырысқан ер адам оқиға орнында ұсталды.