Атыраулық құтқарушы ең жоғары наградалардың бірімен марапатталды
- Details
- 25.10.2025
Атырау облысында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Бүгін таңертең туыстары құтқарушыларға 1994 және 1958 жылы туған Мақат ауданының екі тұрғынының жоғалғаны туралы хабарлаған.
Кеше кешкісін олар Мақат селосынан шығып, Қарабау ауылына бағыт алған. Алайда ауылға жетпей, байланыссыз қалған.
Құтқарушылардың жедел іс-қимылдары нәтижесінде жоғалғандар Мақат ауылынан 65 шақырым жерде табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Белгілі болғандай, олардың автокөлігі құмға тұрып қалып, өздігінен шыға алмай қалған.
Әлия ЖАМИТОВА