Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

"Жасыл белдеуді" құрылыс алаңына айналдырамын деп жұмыстан босатылды

«Жасыл белдеуді» құрылыс алаңына айналдырудың кезекті әрекеті лауазымды тұлғаның жұмыстан босатылуымен аяқталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысы Махамбет ауданының прокуратурасы әкімдікпен полиция бөліміне арналған жаңа ғимарат салуды жоспарланған саябақ аймағын қорғап қалды. Махамбет ауылдық округінің әкімдігі бұл құрылыс үшін заң мен бас жоспарды елемей, 2 гектар алқаптағы жасыл желекті отап тастауға дайын болған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ауыл әкімінің шешімдерінің күші жойылып, осылайша, өңірдің экожүйесімен «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығы сақталды.

Аталған заң бұзушылыққа жол бергені үшін аудан әкімінің орынбасары, жер қатынастары және құрылыс бөлімдерінің басшылары, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Махамбет филиалының жетекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал Махамбет ауылдық округінің әкімі атқаратын қызметінен босатылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ 

Фото-иллюстратив: автор