Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Исатайда не болған?

Исатай ауданының прокуратурасымен 7 кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасамай, еңбек қызметін жүзеге асырғаны анықталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Нәтижесінде жұмыс берушілер тарапынан бұзылған 45 жұмысшының құқықтары қорғалды. Аталған жұмысшылар құрылыс және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді. Аталған дерек ҚР Конституциясының 24-бабына, сондай-ақ Еңбек кодексінің талаптарына қайшы келеді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта 45 жұмысшы міндетті сақтандырумен қамтамасыз етілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: автор