Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда биыл су тасу қаупі бар ма?

Қазгидрометтің алдын ала бағалауына сәйкес, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстарында көктемгі су тасқыны қаупі ең төмен деңгейде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Мамандардың айтуынша:

  • Өзендер мұзы жүре бастағаннан кейін жағдай апта сайын нақтыланып отырады.

  • Елдің жазық бөлігінде су тасқыны негізінен қардың еруінен пайда болады, оның шарықтау шегі әдетте наурыз айының соңы мен сәуір айының соңына дейін созылады.

  • Таулы аймақтарда тасқын кезең-кезеңімен дамиды: аласа таулар → орта таулар → биік таулар.

  • Қауіптің негізгі факторлары – топырақтың терең қатуы, ылғалдың жоғары болуы және жиналған қар қоры.

Ең жоғары қауіп Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола және Қарағанды облыстарында тіркеліп отыр.

Осыған дейін Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жауапты мамандармен кеңес өткізді. Кездесу барысында Жем өзені бойындағы жағдай жан-жақты талқыланды.

– Өзен бойында 6 бекетте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Сондай-ақ бөгеттердің осал тұстары анықталып, оларды нығайту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Барлық жауапты қызметтер толық дайындыққа келтірілді, жағдай тұрақты бақылауда, – деді әкім.

Қазгидромет мәліметінше, өзендер мен су қоймаларына мониторинг күшейтілді, қардың еруі мен ауа райының өзгеруіне байланысты болжамдар үнемі нақтыланып отырады.