Атырауда айналаға қоқыс лақтырғандар 400 мың теңге айыппұл төлей ме?
- Details
- 28.10.2025
Жайық өзенінде инспекторлар 200 килограммнан астам балық пен ондаған браконьерлік ауларды тәркіледі, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жайық өзеніндегі рейд қууға ұласқан жоқ, бірақ олжасыз да болмады. Жайық-Каспий өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары жағада сазанға толы астау мен жанында тыйым салынған ау тапқан. Алайда браконьерлер оқиға орнынан ізін суытқан.
14 қазанда өткен профилактикалық рейд Жұмыскерден бастап Еркінқала мен Кіші Дамбаға дейінгі аралықты қамтыды. Мақсат – заңсыз балық аулаудың алдын алу.
Инспекцияның ресми өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, тексеріс барысында 105 ау, 7 қолдан жасалған қайық және 225 килограмм шабақ балығы тәркіленген. Барлығы 11 әкімшілік хаттама толтырылды.
Инспекторлар ескертеді: заңсыз балық аулау – айыппұл мен құрал-жабдықтарды тәркілеуге әкелетін ауыр құқықбұзушылық.
Әлия ЖАМИТОВА