Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау журналистикасы ауыр қазаға ұшырады...

Атырау өңіріне белгілі фототілші, журналист және редактор, осы салаға жарты ғасырдан астам уақытын арнаған Амангелді Мутигуллин 68 жасында дүниеден озды, сообщает корреспондент AtyrauTODAY.

Амангелді Мутигуллин 1957 жылы 15 қазанда Исатай ауданының Забурын ауылында дүниеге келген. 1964–1974 жылдары «Қазанның 40 жылдығы» мектебінде (қазір Фариза Оңғарсынова атында). 1975–1978 жылдары Валерий Чкалов атындағы Егорьевск азаматтық авиация техникалық училищесін «техник-механик» мамандығы бойынша тәмамдады.

1978–2000 жылдар аралығында Атырау әуе кәсіпорнында еңбек етіп, авиациялық техниктен Ан-24 ұшағының бортмеханигіне дейін көтерілді. 

Алайда, кейін оның еңбек жолы журналистика мен фотосурет саласына ұласты. Бұл іске ол бар жан-тәнімен берілді.

2000–2003 жылдары «Ақ Жайық» газетінде фототілші болып еңбек етті. 2003–2012 жылдары облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінде қызмет атқарып, бір ғана фотокадр арқылы барлығын жеткізе білетін шебер маман ретінде танылды.

2012 жылдан өмірінің соңына дейін Атырау облысының энергетика кешенінің баспасөз қызметінде еңбек етіп, «Энергетик Прикаспия» корпоративтік басылымының редакторы болды. Жалпы еңбек өтілі – 51 жыл.

Көпжылдық жемісті еңбегі үшін ол бірқатар марапаттармен және құрмет белгілерімен марапатталған:

  • «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалі – 2011 жыл;

  • «Каспий – достық теңізі» халықаралық фотобайқауының III дәрежелі дипломы (Астрахан қаласы) – 2018 жыл;

  • Валерий Чкалов атындағы Егорьевск авиациялық-техникалық колледжінің 100 жылдығына арналған шығармашылық байқаудың I дәрежелі дипломы – 2018 жыл;

  • «Семей антиядролық қозғалысының 30 жылдығы» медалі – 2021 жыл.

2025 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Амангелді Мутигуллин – зор адамгершілігімен, қарапайымдылығымен және жан жылуымен ерекше есте қалмақ. Ол әріптестері үшін – кәсіби шеберліктің үлгісі, достары үшін – сенімді серік, ал, отбасы үшін – бес перзент тәрбиелеп өсірген асыл әке болды. Оны таныған, құрметтеген және бағалаған жандардың жүрегінде Аман ағамыздың жарқын бейнесі мәңгіге сақталады...

Фотосуретті ҚР Журналистер одағының Атырау облыстық филиалы ұсынды