Ағымдағы жылы Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылында жаңа мөлтекаудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қолға алынуда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атап айтқанда, газ, су, электр желілері мен жол құрылыс жұмыстары басталды. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Бұл жобалар тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай,ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына,жаңа, әрі өмір сапасының артуына зор мүмкіндік береді» дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жігербек Төлеуғалиев.
Аман ШАМАР