Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жылыойда инватакси қызметін ұйымдастыруда өрескел заң бұзылған

Атырауда 156 мүмкіндігі шектеулі жанның құқығы қорғалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жылыой ауданының прокуратурасы инватакси қызметін ұйымдастыру кезінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар жандар қозғалыс кезінде және диспетчерлермен байланыс орнатуда негізсіз шектеулерге тап болған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау барысында прокурорлар жергілікті инватакси қызметі ауылдық округтер мен елді мекендерге көрсетілмегенін, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің жұмысы тиісті түрде ұйымдастырылмағанын анықтады.

Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны және заң бұзушылықтарға жол бергені үшін үш лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде ауданның 156 тұрғынының құқықтары толықтай қалпына келтірілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com