Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда жасөспірімдердің қатысуымен 500-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

 

22–28 қаңтар аралығында Атырауда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында полицейлер кешенді түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру.

 

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары білім беру ұйымдарында кездесулер өткізіп, оқушыларға құқықтық жауапкершілік, қауіпсіз мінез-құлық және құқықбұзушылықтың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүрген 387 жасөспірім анықталды.

Іс-шара барысында бұл көрсеткіштен бөлек, кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар, ата-аналардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарау деректері, сондай-ақ қоғамдық тәртіпке байланысты өзге де заң бұзушылықтар тіркелді. Нәтижесінде жеті күн ішінде барлығы 500-ге жуық құқықбұзушылық дерегі анықталып, заң аясында тиісті шаралар қабылданды.

Жастардың тәртібі мен қауіпсіздігі әрдайым полиция қызметкерлерінің назарында. Осыған байланысты тәртіп сақшылары алдағы уақытта да жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.