Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда мыңға жуық адамның жоғалу дерегі тіркелді (+ВИДЕО)

 

Атырау облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қылмыстарды ашумен қатар, із-түзсіз жоғалған азаматтарды іздестіру бағытындағы жұмыстарды да тұрақты түрде жүзеге асырып, бақылауда ұстайды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Өткен жылы Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларға қатысты барлығы 974 хабарлама тіркелген. Оның ішінде 509 дерек кәмелетке толмағандарға қатысты болған. Жедел-іздестіру және алдын алу шараларының нәтижесінде 971 азаматтың жүрген жері анықталып, табылды.

Ал 2026 жылдың есептік мерзімінде хабар-ошарсыз кеткен тұлғалар бойынша 47 хабарлама тіркеліп, соның 45-інің жүрген жері анықталды.

"Хабар-ошарсыз кету жағдайларының алдын алу мақсатында азаматтарға қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау ұсынылады. Атап айтқанда, жақындарыңызбен үнемі байланыста болып, ұзақ сапарға шыққанда байланыс құралдарының жарамды екеніне көз жеткізу қажет. Қажет болған жағдайда жеке басыңызды сәйкестендіру үшін жеке куәлігіңізді өзіңізбен бірге алып жүрген жөн. Сонымен қатар, орналасқан жерді анықтайтын қосымшаларды пайдалану төтенше жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бейтаныс аумақтарда жүргенде жергілікті жағдайлар мен ережелерді ескеріп, түнгі уақытта қолайсыз аймақтарға жалғыз бармау ұсынылады. Балаларды қауіпсіз жүріп-тұру ережелеріне, күтпеген жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету маңызды. Ал адам жоғалған жағдайда уақыт жоғалтпай, дереу полицияға немесе тиісті іздестіру органдарына хабарласу қажеттігін ескертеміз" дейді полицейлер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ 

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫНДА...