Аталған жұмыстар аясында «Стоп трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, жезөкшелікпен айналысатын, жеңгетайлық қызметпен шұғылданатын, сондай-ақ дәстүрлі емес сексуалдық бағыттағы адамдар анықталып, полиция органдарына жеткізілді. Олармен заң талаптары, құқық бұзушылықтың салдары және әлеуметтік қауіптері түсіндіріліп, профилактикалық сұхбаттар жүргізілді. 2025 жылдың қорытындысымен облыс аумағында ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, қылмыстық топқа қатысу, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру деректері бойынша 21 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.
Жастар мен жасөспірімдер арасында адам саудасының зардаптары, жеке қауіпсіздік мәселелері және заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру мақсатында лекциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен акциялар жергілікті атқарушы органдар және білім беру ұйымдарымен бірлесіп өткізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар полиция департаменті басшылығының бақылауында және одан әрі жалғасуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ