Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда базардағы контейнерлерді жою тапсырылды (+ВИДЕО)

Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары базарлардағы контейнерлерді жоюды тапсырды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Мұнай астанасында сауда орталықтарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Atyrau Today. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ербос Әбдісатаров оларды жаңғырту жұмыстары аясында "Дина" және "Мерей" сауда орталықтарында көшпелі кеңес өткізді. Кеңеске Атырау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауда департаментінің, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері, сондай-ақ сауда орталықтарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында әкімнің орынбасары Ердос Ғаниұлы жаңғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды, сондай-ақ сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі мен санитарлық тазалық талаптарының сақталуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Жаңғырту жұмыстарын сапалы және уақтылы жүргізу қала тұрғындары мен кәсіпкерлер үшін қолайлы және қауіпсіз орта құрудың маңызды бөлігі болып табылатыны аталып өтті.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫНДА...