Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

103 млн теңге айыппұл: Атырауда санитариялық талаптар бұзылған (+ВИДЕО)

Былтыр Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне 1300-ден астам арыз-шағым түскен, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Арыз-шағымдардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, экология және қоғамдық тамақтану салаларына қатысты болған. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Искакова ӨКҚ-не мәлім етті.
⁃ Тексеру тағайындау үшін заңды негіздер, дәлелді құжаттар, шағым жолданған мекеме немесе субъектінің толық атауы мен басшысының аты-жөні көрсетілуі қажет. Нәтижесінде дәлелді құжаттармен 40 тексеріс жүргізіліп, оның 35-інде заңбұзушылық анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша жалпы сомасы 103 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, - деді А. Искакова.
Сонымен қатар Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес екі бағытта жоспарлы тексерістер жүргізіледі. Олар — объектіге бару арқылы профилактикалық бақылау және біліктілікті тексеру. Өткен жылы осы бағытта 30 жоспарлы тексеріс жүзеге асырылған.

Айта кетейік, тұрғындар арыз-шағымдарын департаменттің кеңсесіне тікелей немесе «e-Өтініш» платформасы арқылы жолдай алады.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫНДА...