Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Мақаттық шаруалар шөпті Қызылқоғадан шауып жатыр

Мақат ауданының шаруалары Қызылқоға ауданында мал азығын дайындауда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бұл ретте, аудан әкімдігінен білгеніміздей, тасымал құны қымбаттамау үшін жергілікті билік шөптің бағасын 7000 теңгеден аспайтын шекті мөлшерде белгіледі. Бұл баға кәсіпкерлермен жасалған меморандум арқылы бекітілген.

Бүгінде аудан бойынша отыздан астам шаруа қожалығы бар, оларда 14 мыңға жуық мал өсірілуде. Ал, қыстан қысылмай шығу үшін мың тонна шөп қажет болса, қазір соның жартысы дайындалып, қыстақтарға жеткізілді.

Қыркүйектен бері Қызылқоғадан берілген 14 мың гектар жайылым мен шабындық жерлерде төрт бригада жұмыс жасауда. Қар түскенше 1200 гектардан астам жер шабылуы тиіс.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ