Индербор кентінде тасжол төсеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Аудан әкімдігінен білгеніміздей, Индербор кенті аумағындағы асфальт жабыны төселмеген 10,4 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары 2024 жылдың тамыз айының соңында басталған болатын.
Жобаны жүзеге асырушы мердігер мекеме — «Монолит Дизайн-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Аталған жоба аясында бұған дейін автокөлік жолы болмаған бірқатар көшелерге асфальт төсеу жоспарланған. Қазіргі уақытта Ақтау көшесінде асфальт жабынының алғашқы қабатын төсеу жұмыстары басталды.
Жоба бойынша қалған Сарайшық, Көктем, Габдуллин, Байбосынов, Тайсойған, Меңдіғалиев, Шәкәрім, Талды, Асанқайғы, Нұрқасынов, Бектұрғанов, Қорғантау, Ақтау, Достық және Полигон бағытындағы жолдар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Аталған шаралар — кент ішіндегі инфрақұрылымды жаңғыртып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Амандық АБДОЛ