Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда бес балабақша қаржыдан қағылып қалған ба?

Биыл қазан айынан бастап Атыраудың бес балабақшасы ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасынан шығарылады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады, деп жазады Atyrau Today.

Ваучерлік қаржыландыру жүйесінен №20 «Алтын балық» балабақшасы, №8 «Ақбота» санаториялық балабақшасы және күрделі жөндеуді қажет ететін №28 «Алмагүл», №37 «Болашақ» және №48 «Родничек» балабақшалары шығарылды.

Басқармада түсіндіргендей, ваучерлік қаржыландыру механизмі қаражатты тек қабылданған балалар санына байланысты бөлуге негізделген. Сондықтан аталған балабақшалар өз қызметін толық қаржыландырумен қамтамасыз ете алмайды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» заңының 62-бабының 1-тармағына сәйкес бұл балабақшалар ресми түрде ваучерлік қаржыландыру жүйесінен шығарылды.

Әлия ЖАМИТОВА

Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ