Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда зауыт құрылысына 15 мыңнан астам адам тартылмақ

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов жұмыс сапары барысында Атыраудағы мұнай-газ химиясы кешенінің ірі жобаларымен танысты, деп хабарлайды AtyrauTODAY.

Вице-министр полиэтилен өндіретін жылдық қуаттылығы 1,25 миллион тонна болатын зауыттың құрылыс алаңында болды. Жоба құрылыстың қарқынды кезеңінде 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып, 2029 жылы іске қосылғаннан кейін шамамен 800 тұрақты жұмыс орнын құруды көздейді.

Сондай-ақ Санжар Жаркешов 2022 жылы іске қосылған жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін «KPI» ЖШС зауытында болды. Зауыт іске қосылған уақыттан бері 456 мың тонна өнім өндіріп, оның 430 мың тоннасы экспортқа жіберілген.

Бұдан бөлек, вице-министр 2028 жылы іске қосылуы жоспарланған бутадиен өндіру жобасының жүзеге асу барысымен танысып, жол құрылысына арналған геосинтетикалық материалдар шығаратын «Интаго» зауытында болды.

Әлия ЖАМИТОВА

Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ