Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық полицей Азия чемпионы атанды!

Тәртіп сақшысы Аманжан-Қажы Сағынғалиұлы Nomad MMA-дан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкері, спорт пен қызметті қатар алып жүрген тәртіп сақшысы полиция кіші сержанты Аманжан-Қажы Сағынғалиұлы Nomad MMA-дан Азия чемпионатында топ жарып, 81 келі салмақ дәрежесінде І орынды иеленді. 16-19 қазан аралығында Астана қаласында өткен байрақты додада ол финалға дейін сүрінбей жетіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты.

 

 

Айта кетейік, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған бұл чемпионатқа 16 елден 800-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғаған жерлесіміздің жеңісі – Атырау спорты мен полиция қызметкерлері арасындағы спорттық рухтың айғағы.

 

"Қызмет пен спортты ұштастыра білген Аманжан-Қажы Сағынғалиұлының бұл жетістігі жас әріптестеріне үлгі болып, қоғамда салауатты өмір салтын насихаттауға зор серпін береді" дейді әріптестері.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ