Жылыойдан шыққан шопан бір күннен соң аман-есен табылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жылыой ауданының Қара Арна ауылында құтқарушылар, полиция, әкімдік және жоғалған малшының туыстары бір тәулікке жуық іздеу жұмыстарын жүргізді. Олар бүкіл ауылды көліктермен аралап, жаяу және дрондармен мұқият тінтіп шықты.
Ақыры, 28 қарашаға қараған түні 1979 жылы туған ер адам "Айсұлтан" фермерлік шаруашылығынан 12 шақырым жерде аман-сау табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Ол 26 қарашада таңғы сағат алтыда мал бағуға шығып, артынан адасып кеткенін айтты. Туыстары құтқарушыларға және барлық іздеу топтарына көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ