Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Жұмекен ауылында тұрғын үй өртенді

Атыраулық құтқарушылар тұрғын үйде өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысының Құрманғазы ауданында, Жұмекен ауылында жеке тұрғын үйдің асүй бөлмесінде өрт шықты. Төтенше жағдайлар минитсрлігінің бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, өрттің үйдің басқа бөлмелеріне таралуына жол бермеді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт дер кезінде оқшауланып, толық сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. ТЖД мамандары жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ