Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Яна Легкодимованың ісі бойынша апелляция 24 ақпанда қаралады

Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша апелляциялық сот отырысы 24 ақпанда өтеді. Бұл туралы қаза тапқан қыздың анасы Галина Легкодимова әлеуметтік желілерде хабарлады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атыраудағы резонансты кісі өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Апелляциялық шағымдар 2026 жылғы 21 қаңтарда келіп түскен және қазіргі уақытта жәбірленуші тараптың адвокаттары тарапынан зерделеніп жатыр. Іс апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін үкімнің әрі қарайғы тағдыры шешіледі. Егер үкім заңды күшіне енсе, сотталғандар ерекше режимдегі №39 колонияға — «Қара Бүркітке» этапталады. Хайржановтың шағымдарының бірінде сотқа «күшті қоғамдық қысым» жасалғанын және іс материалдарының сыртқа тарауы мүмкін екенін мәлімдеген. Жәбірленуші тараптың өкілдері сот процесі ашық режимде және заң талаптарына қатаң сәйкес өткенін атап өтті.

Еске салайық, қылмыс 2024 жылдың қазан айында Атырауда жасалған. Қызды өлтіргеннен кейін оның денесі мен телефоны өзенге тасталған. 2025 жылдың 20 маусымында, сегіз ай өткен соң, Жайық өзенінің жағасынан Янаға тиесілі сүйек қалдықтары табылды. Сараптама оның жеке басын растады. Сот екі айыпталушыны да өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.