Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Бір отбасының өліміне күдікті адамның балалары мемлекеттік қорғауға алынды

Жангелдин ауылында бір отбасының өліміне күдікті адамның балалары мемлекеттік қорғауға алынды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

2026 жылғы 2 ақпанда Атырау облысы Полиция департаментінен Махамбет ауданының әкімдігіне шұғыл шаралар қабылдау туралы ұсыныс хат түсті. Құжатта Жангелдин ауылында бір отбасының өліміне күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің кәмелетке толмаған бес баласын қауіпсіз жерге орналастырып, мемлекеттік қорғауға алу қажеттігі көрсетілген.

Аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен үш бала уақытша Атырау облысы Білім басқармасына қарасты Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Ал 3 және 1 жастағы екі бүлдіршін Денсаулық сақтау басқармасына бағынысты мамандандырылған балалар үйіне жіберілді.

Қазіргі уақытта балалардың жағдайы бақылауда. Уәкілетті органдар олардың құқықтарын, қауіпсіздігін және заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.