Құтқарушылар 13 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырау қаласында Алтай көшесіндегі қонақүй кешендерінің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға орнына келген құтқарушылар төрт қабатты қонақүйдің саунасының бірінші қабатындағы бу бөлмесінің өртенгенін анықтады.
Өрт кезінде құтқарушылар 13 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, екі адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Абырой болғанда ТЖМ күшімен өрт толықтай сөндірілді. Енді өрттің себебі анықталуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ