Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Бір пәтерде – 10 мысық: атыраулықтар дабыл қағуда (+ВИДЕО)

Авангард-3 шағын ауданындағы №7 үйдің тұрғындары дабыл қағуда — бір пәтерде шамамен он шақты мысық ұсталады, деп хабарлайды Atyrau Today.

Подъезде дем алу мүмкін емес: сасық иіс пен антисанитариялық жағдай тұрғындардың өмір сүруіне кедергі келтіріп отыр. Бұл үйде ерекше қажеттіліктері бар балалар да тұрады.

№9 пәтердің иесі Марина есімді әйелдің айтуынша, өзі ол жерде тұрмайды — пәтерде тек мысықтар ғана бар.

— Мәселені тек учаскелік полицейдің қатысуымен шешеміз, — деді ол қысқаша.

Қоғам белсендісі Рүстем Баязиевтің айтуынша, бұл үйге жақында ғана термомодернизация жүргізілген. Алайда енді бүкіл подъезд қайтадан зардап шегіп отыр — мысықтардың иісі мүлде шыдатпайды. Оның сөзінше, пәтерлерде жануарларды ұстау санын заң жүзінде шектеу мәселесі көтеріледі.

Тұрғындар билік пен бақылаушы органдардың назар аударатынына үміттенеді — өйткені адамдардың тыныштығы мен денсаулығы бәрінен қымбат.

Лия НҰРТАЙ

Фото: nsk.kp.ru