Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 13 шенеунік 35 млн теңгеге бәс тіккен

Атырау облысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті 13 мемлекеттік қызметшінің букмекерлік кеңселерде бәс тіккенін анықтады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Олардың жалпы бәс тіккен сомасы 35 миллион теңгеден асса, ұтыс көлемі шамамен 33 миллион теңгені құрады.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану, азаматтарды қабылдау кезінде берілген уәделерді орындамау және Әдеп кодексінің талаптарын бұзу сияқты өзге де фактілер тіркелген.

Атырау облысы әкімдігі әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметованың айтуынша, жыл басынан бері өңірде 84 әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың қатарында дербес бөлім басшылары, олардың орынбасарлары және округтер аппаратының әкімдері бар.

Әлия ЖАМИТОВА

Фото: ru.freepik.com