Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраудағы жаға ұстатар қылмыстың соты онлайн өте ме?

«НеМолчиKZ» қоры Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысына онлайн-қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуді сұрап, Жоғарғы сотқа жүгінді, деп хабарлайды AtyrauTODAY.

Қор президенті Дина Смайлова Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына және Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллинаға азаматтарға ашық сот процесін онлайн тыңдауға мүмкіндік беруді сұрап, ресми өтініш жолдады. Бұл іс Атырау қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта судья Зарема Хамидуллинаның төрағалығымен қаралып жатыр.

Дина Смайлованың айтуынша, сот отырысы ашық режимде өтуде, алайда e-Otinish платформасы арқылы онлайн-қосылуға өтініш берген кейбір азаматтарға бас тарту туралы жауап келген.

«Кейбір өтініштер тіркелгенімен, қаралмаған. Ал өзге азаматтарға олар сот процесіне қатысушы емес болғандықтан онлайн-қосылуға мүмкіндік жоқ деген ресми жауап келген. Сонымен бірге соттың жауабында трансляция жүргізілмейтіні көрсетілген», — деді ол.

Қор президенті атап өткендей, ұйымның мәліметінше, сот тыңдаушыларды Zoom арқылы қосуға толық техникалық мүмкіндігі бар, бірақ оған рұқсат берілмей отыр.

«Егер сот онлайн-қосылуды қамтамасыз ететін барлық техникалық мүмкіндіктерге ие болса, онда неге қазақстандықтарға ашық сот процесіне қатысуға мүмкіндік берілмейді? — деді Смайлова. — Біз Жоғарғы соттан азаматтардың онлайн тыңдаушы бола алмау себебін және ресми жауаптарда трансляция туралы айтылғанының себебін түсіндіруді сұраймыз, өйткені өтініш Zoom арқылы қосылу жайында болған».

Қордың хабарлауынша, ертең Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді.

«Біз Жоғарғы сотты сот әділдігінің ашықтығын қамтамасыз етіп, өтініш берген барлық азаматтарға онлайн-қатысу мүмкіндігін беруге шақырамыз, — деді Дина Смайлова. — Бұл — сот процесінің ашықтығын арттыру мен қоғамның сот жүйесіне сенімін нығайтудың маңызды қадамы».

Әлия ЖАМИТОВА